Activ

eSIM қалай орнатылады және нөмір қалай тіркеледі

Төлемнен кейін WhatsApp-қа eSIM QR-кодын және қолмен орнату деректерін жібереміз: SM-DP+ мекенжайы, Activation code және Confirmation code.

Телефонның eSIM-ді қолдайтынын тексеріңіз: *#06# теріңіз. Экранда EID жолы болса — қолдайды.

▶ Бейненұсқаулық

iPhone

  1. Wi-Fi-ға қосылыңыз.
  2. Параметрлер → Ұялы байланыс → eSIM қосу.
  3. «QR-кодты пайдалану» таңдап, камераны кодқа бағыттаңыз (кодты басқа экранда ашыңыз).
  4. Код сканерленбесе — «Қолмен енгізу»: SM-DP+ мекенжайы және Activation code.
  5. Растау коды сұралғанда Confirmation code енгізіңіз.

Android

  1. Wi-Fi-ға қосылыңыз.
  2. Параметрлер → Қосылымдар → SIM-карта менеджері → eSIM қосу.
  3. «QR-кодты сканерлеу» таңдап, камераны кодқа бағыттаңыз.
  4. Код сканерленбесе — қолмен енгізу: SM-DP+ мекенжайы және Activation code.
  5. Растау коды сұралғанда Confirmation code енгізіңіз.

Нөмірді тіркеу

eSIM орнатқаннан кейін нөмірді оператор сайтында тіркеңіз — бұл заң бойынша міндетті.

Нөмірді тіркеу ↗

QR-код бір реттік — орнатылған eSIM-ді өшірмеңіз. Бірдеңе шықпаса, WhatsApp-қа жазыңыз.

WhatsApp-қа жазу